КЕЛЕШЕГІ МОЛ МЕМОРАНДУМ

0
1336

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚазҰУдың Басқарма ТөрағасыРекторы Жансейіт Түймебаев және «Қазселденқорғау» ММ төрағасы Кәрім Көкрекбаев қол қойды.

Тараптар өзара идея, ақпарат және технологиялармен алмасу үшін қолайлы жағдайлар жасау, келісілген басым бағыттар мен бағдарламалар шеңберінде бірлескен зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру бойынша екіжақты ынтымақтастықтың негізгі міндеттерін атап өтті. Бұл меморандум білім беру, ғылыми-зерттеу қызметінде және қызметкерлердің біліктілігін арттыруда бірлескен қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ жаңа әзірлемелер мен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

ЖОО басшысы университеттің Жерді қашықтықтан зондтау орталығының кең мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мамандар нақты деректер алып, барлық салаларда қауіпті табиғи және техногендік құбылыстардың алдын алатын және төтенше жағдайлар кезінде тәуекелдерді барынша азайта алатынын атап өтті. Меморандум аясында қашықтықтан зондтау арқылы мамандар «Ауылды, сел мен көшкін қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары» жол картасы жобасымен жұмыс істейтін болады. Кездесу барысында ГАЖ-технологияларды қолдана отырып, қауіпті учаскелер мен мореналық-мұздық көлдерге автоматтандырылған мониторинг жүйесін ұйымдастыруға баса назар аударылды.

«Қазселденқорғау» ММ төрағасы К.Н. Көкрекбаев «Қазселденқорғау» қызметі (сел, тасқын, қар көшкіні) халықты, шаруашылық объектілерін және ҚР аумағын қауіпті табиғи құбылыстардың әсерінен сенімді қорғауды қамтамасыз етумен айналысатындығын айтты. Таулы аймақтар ел аумағының шамамен 15% алып жатыр. Көптеген елді мекендер, оның ішінде Алматы, Шымкент, Тараз, Есік, Талғар, Қаскелең, Сарқан, Жаркент, Текелі, Меркі және басқа да (150-ден астам) аймақтарға қауіп-қатер бар. Қауіпті табиғи құбылыстардың әсер етуі ықтимал аймақтарда 4 миллионнан астам адам мекендейді. Сондықтан да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қол қойылған меморандум қоғамға ғана емес, елге де пайдасы зор болмақ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here