Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті еліміздегі ең ірі digital-технологиялар фестивалі IT FEST 2025 аясында «Дизайн және анимация» секциясымен белсене қатысқанын хабарлайды.

Аталған IT FEST 2025 шеңберінде университет базасында вебтундар жасау және оларды ілгерілетуге арналған оқыту курсы өткізіліп, «Менеджмент және бизнес» кафедрасының студенттері белсене араласты. Курс барысында арнайы шақырылған спикерлер білім беру мақсатындағы арнайы оқыту модулін ұйымдастырды.


Вебтундар – қазіргі заманғы визуалды және креативті индустрияның ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі ретінде танылуда. Бұл сала анимациямен қоса дизайн, сторителлингті бір жерге тоғыстырған. IT FEST 2025 фестивалінде бұл категория цифрлық өнердің жаңа стандарттарын көрсетті: вертикалды формат, интерактивтілік, кинематографиялық баяндау стилі және жас авторлар үшін ерекше мүмкіндіктер.


Бүгінгі таңда вебтундар – жай ғана комикстер емес, бұл – әлемдік деңгейдегі контент жасауға және оны жаһандық платформаларға шығаруға мүмкіндік беретін тұтас бір экожүйе. Мұнда дизайнерлер, иллюстраторлар және аниматорлар өз әлеуетін толықтай іске асыра алады.









