Бала қауіпсіздігі – ата-ананың жауапкершілігі

0
1352

Балалардың жазғы демалысы кезінде қала-ауданаралық көлік қатынасы жиілейтіні белгілі. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін кез келген адамның біле жүрген абзал.

Дүниежүзілік талдаулар көліктегі автоорындықтар, бустерлер және адаптер құрылғылары балалардың жол қозғалысындағы жарақат алуынан қорғайтынын дәлелдеген. Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек. 12 жасқа толмаған бала көлікке  міндетті түрде арнайы автоорындық арқылы отырғызылуы тиіс екенін, ал талап сақталмаған  жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені де заңнамада қарастырылған. Сонымен қатар алыс сапарларға балаларды өздігінен үлкендердің қарауынсыз көлікке отырғызып жібермеңіз. Жол қозғалысының әр секунды мен минуты қауіпсіздікті талап етері сөзсіз.

Сондай-ақ жаз мезгілі болғандықтан өзен-көлдерде шомылу адамдар үшін, әсіресе балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Әсіресе, суда қауіпсіздік ережелері мен шараларының сақталмауы, балалардың суға шомыла білмеуі орны толмас қайғыға айналып жатады. Сондықтан ата-аналар, шомылуға барған жағдайда балаларды жағалауда қараусыз қалдырмаңыз.  Және мына жайттарға аса мән беріңіз: жағалауға суға түсуге тыйым салынбағанын алдымен тексеріп алыңыз. Ең бастысы балаңызға судағы қауіпсіздік ережелерін үйреткеніңіз жөн. Оларды жалғыз жүзбеуге, тексерілмеген жерлерде суға секірмеуге және қауіпті судағы ойындардан аулақ болуға үйретіңіз. Суда шомылу кезінде балаңызға үрлемелі кеудешелер мен басқа да құтқару құралдарын қолданыңыз. Балалар үлкендерге еліктейді. Сондықтан, судағы қауіпсіздік шараларын алдымен өзіңіз сақтауға тырысыңыз.

Бала қауіпсіздігі  – ата-ананың жауапкершілігі!

Дина Максотова,
Атырау облысы полиция департаменті
Ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы,
полиция лейтенанты

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here