Ғұмыры ғибратқа толы азамат еді…

0
2655

Ертеде өткен бір ғұлама «Бұл дүние есігін ашқан әрбір адамзат баласының үш түрлі өмірлік міндеті болады. Оның біріншісі – ұрпақ өсіріп, әулет санын көбейту, екіншісі – ғибратты ғұмыр кешіп, шәкірт тәрбиелеу болса, үшінші міндет – халқына адал қызмет ету» деген ұлағатты сөз қалдырыпты. Осы орайда адалдық пен азаматтықтың үлгісіндей бола білген Орынбай Айтбайұлы саналы өмір жолында азаматтық парызын абыроймен атқара білген жан деп ой түюге болады.

Бұған негіз де жоқ емес. Ол – салиқалы ұрпақ өсірді, ол – білімі мен қажыр-қайратын ел игілігі үшін жұмсай білді.

Орынбай Айтбайұлын талайлы тағдыр сан сынаққа алса да, өзінің пайымы мен парасаты, көрегендігі мен кішіпейілдігінің арқасында ел алғысына бөленді. Адал еңбегімен абырой биігіне көтерілді.

Әулие қонып, нар шөккен Түркібасы өңірі халқымыздың бағына туған талантты тұлғалары мен даңқты перзенттері дүниеге келген аймақ. Түркібасы – ұлысымыздың ұйытқысына, берекеміз бен бірлігіміздің ұстынына айналған атырап. Қазақтың қастерлі мекенінде туып, ғұмыр кешкен Орынбай ақсақалдың ізгілікті істері ел жадынан өшпек емес.

Тамырын тереңге жайған әулеттің алып бәйтерегіне айналған Орынбай сияқты қазыналы қарияларымыздың өмірі өскелең ұрпаққа – үлгі, кейінгі буынға – өнеге болып қала бермек.

Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, меценат Қайрат Айтбайға әкесі Орынбай Айтбайұлының қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Жандар АСАН

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here