Екіжақты меморандумға қол қойылды

0
1191

Таяуда «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды.

Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова, «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырып, меморандумның маңыздылығын атап өтті.

«Осы меморандум аясында кәсіподақтың қатардағы мүшелеріне құқықтық көмек көрсететін заң клиникасының құрылуы айырықша маңызды. Сонымен қатар, Кәсіподақтар орталығының Заң клиникасы шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында «Экономика және құқық» институтының «Құқықтану» БББ білім алып жатқан студент жастарымыздың тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастырылып отыр. Біз қашанда студенттерді қолдауға дайынбыз», – дейді аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев.

Екіжақты келісім аясында кәсіподақ мүшелері үшін тегін құқықтық кеңестер мен заңгерлік көмек көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық сана деңгейін арттыру, сондай-ақ кәсіподақтар орталығының заң клиникасында дарынды студенттердің кәсіби құқықтық дағдыларын жетілдіру, ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу жұмыстар жүргізілетін болады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here