Қазақстанның жоғары білім беру флагманы

0
1337

Білімді және сауатты жастар қашан да болмасын ел болашағының айқын кепілі.  Егеменді еліміз дамыған сайын қоғамның барлық саласында түрлі өзгерістер орын алып, алға жаңа талаптар, міндеттер мен мақсаттар қойылуда. Оның ішінде ең бастысы – келер ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатында еліміздің білім жүйесін жетілдіру жұмыстарын қарқынды жүргізу.

Сапалы білімнің мызғымас тірегіне айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1934 жылы негізі қаланғаннан бері осы міндеттерді қарқынды түрде атқарып келеді. Бар білгенін шәкірттеріне үйретуге дайын тұратын профессорлық оқытушылық құрам мен болашақ өз ісінің нағыз маманы боларлық студенттердің басын қосқан университетіміз өз беделін тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сондай-ақ әлемдік деңгейде де дәлелдеген. Ол отандық университеттер ұлттық рейтингісінің көшбасшысы жəне QS халықаралық рейтингісінде əлемнің 800 үздік университетінің арасында 150-ші орынның иегері.

Университеттің академиялық саясатының негізгі ұстанымдарының бірі оқудың бірінші жылынан бастап қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға барынша мүмкіндік беретін білім алушыларды үздіксіз тәжірибелік дайындауға бағыттау болып табылады. Білім беру мен өндірістің өзара тығыз интеграциясына жағдай жасайтын өзара ынтымақтастықтың түрі, кәсіпорындарда университет кафедраларының филиалдарын ашу саналады.

Қазақ ұлттық университеті бакалавриат, магистратура, докторантура, білім беру бағдарламалары бойынша оқыту түрлерін ұсынады. Университет қабырғасы студенттердің тиімді жұмысы үшін заманауи оқу ғимараттарымен, ғылыми инфрақұрылым, кітапхана, интернет-орталық, спорт кешені, кинотеатр, студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн және Жас ғалымдар үйімен қамтамасыз етілген. Онымен қоса, шетелдік білім ордаларымен тәжірибе алмасу мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасы, екі дипломдық білім беру бағдарламасы, тағылымдамалар жүйесін іске қосып, студенттердің ой-өрісін кеңейтуде де атсалысып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасының «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының басты тұжырымдарын ұстаным тұтқан ұлттық университеттің маңызды міндеті – тек бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау ғана емес, сонымен бірге еліміздің ертеңгі тұлғаларына айналар жас ұрпақтың рухани болмысын қалыптастыру. Сол себепті де ҚазҰУ-да көптеген студенттік ұйымдар жұмыс істейді, олар түрлі тақырыптық бағыттармен, көркем қызығушылықтан бастап, ғылыми жобаларды құрумен аяқталады. Әрбір ұйым өзіндік шығармашылық атмосфераларымен ерекшеленеді.

Ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы нәтижесінде, ҚазҰУ танымал әлемдік зерттеу университет­тері қатарында. Алдағы уақытта университет тиімді түрде жүзеге асыратын төрт маңызды миссиясын белгіледі. Ол – сапалы білім беруді, терең ғылы­­ми-зерттеулер жүргізуді, жаңа инно­ва­­цияларды өндіріске енгізуді және жоғары білімді-білікті мамандарды елін, адамзатты сүйген тұлғалар ретінде рухани-адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастыруды көздейді.

Тұрсынкүл РАХМЕТОВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасының оқытушысы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here