Жаңақорғандықтар «Жасыл аймақ» апталығына белсенді қатысуда

0
587

Қызылорда облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығына Жаңақорған ауданының тұрғындары белсенді қатысты.

Аталған акцияға аудан тұрғындары үн қосып, Жаңақорған кентіндегі «Прайм парк» саябағында, Жаңақорған кентінің орталық көшелерінде абаттандыру, тал отырғызу секілді тазалық шараларын жүргізді.

Бұл шараға аудан жастары да белсене қатысып, ағаш отырғызып, уақыттарын көтеріңкі көңіл күйде өткізді.

Айта кету керек, бұған дейін «Киелі мекен» апталығы аясында аудан көлеміндегі киелі орындарға сенбілік шаралары өткен болатын. Енді жоспарға сәйкес «Жасыл аймақ» апталығы аясында тазалық жұмыстары бастау алды. Жалпы апталық аясындағы шараларға 5 мыңнан аса адам қамтылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here