Жас ғалымдарды жұмылдырған бастама

0
825

29 қазанда Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілі Нұрсұлтан Бекқайровтың жас ғалымдармен және белсенді жастармен кездесуі өтті. Іс-шара ғылым және білім саласындағы жастар бастамаларын іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға бағытталған.

Кездесуге студенттер, жас зерттеушілер және Алматы қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінен «Халықаралық аналитика» мамандығының 4-курс студенті Нұрмағанбет Таңсұлу, «Конвергентті журналистика» мамандығының 4-курс студенті Бирбаева Аяна белсенді қатысты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Бекқайров жастарды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, студенттердің арасында ғылымды насихаттау, жас зерттеушілердің кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасау мақсатындағы жаңа жобаны ұсынды. Жобаның негізгі идеясы – жас ғалымдарды біріктіру.

Зерттеу қызметіне қызығушылықты қалыптастыруға және Қазақстанның инновациялық болашағына үлес қосуға ұмтылатын бастамашыл жастарды қолдауға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі жастардың басты міндеттерінің бірі сыни, шығармашылық және инновациялық ойлауға қабілетті зияткерлік ұлтты қалыптастыру болып табылады.

Кездесу сындарлы және достық атмосферада өтті. Қатысушылар ғылыми жобаларды одан әрі дамыту бойынша пікірлерімен, ұсыныстарымен және идеяларымен алмасты. Жас ғалымдар жастар бастамасына назар аудара отырып, бірлескен ғылыми және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға дайын екенін айтты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here