Тарихта билікті қолы қалтырағанша ұстаған президенттер аз емес. Соның бірегейі ретінде Африканың оңтүстік-шығысындағы Малавиді 28 жыл басқарған Хастингс Банданың есімі аталады. 20 млн халқы бар елді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған диктатор биліктен 1994 жылы 96 жасында кетті. Өзін 1971 жылы Малавидің мәңгілік президенті жариялаған ол 1997 жылы жүз жасап қайтыс болды. Ал, қазіргі президенттер арасында жасы ең үлкені – Камерун президенті Поль Бийя. Биыл тоқсанның төріне шыққан президент 1982 жылдан бері орталық африкалық елді басқарып келеді. Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін егде жасқа дейін ел басқарғандарға тоқталады.