Сенатор қаланың жылыту кезеңіне дайындық барысымен танысты

0
313

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласына сапары аясында №2 жылу электр орталығында, «Орбита» аудандық қазандығы аумағында және «Алматы жылу желілері» нысандарын салу және жаңғырту алаңдарында болды.

Депутат жылу желілері мен жабдықтардың алдағы қысқы маусымға дайындық жұмысының барысы туралы хабардар болды. Оған сондай-ақ негізгі энергия көздерінің жабдықтарын жөндеу кестесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да таныстырылды.

Депутат Алматы қаласындағы қарамағына №1, №2 жылу электр орталықтары мен батыс жылу кешені және Каскад электр стансасы кіретін «АлЭС» АҚ-ның негізгі қуат көздері жабдықтарын 2023 жылғы жөндеу кестесімен де танысты. Мұндағы энергетикалық, су жылыту, бу қазандықтары мен турбо және гидроагрегат жабдықтардың жалпы саны 56 болып отыр.

«Мемлекет басшысы 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы кезінде Үкіметке энергия нысандары мен жылу желілерін жөндеу міндеттерін шешуді тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі энергетика нысандары бюджет есебінен жөнделуі тиіс. Жекеменшік нысандар «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша өз есебінен жаңғыртылады. Үкімет бұл міндетті жедел түрде шешуге кірісуі керек», – деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутат энергетикалық кешенді дамыту жөніндегі Үкіметпен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here