QS 2026 рейтингі: Abai University 43 позицияға көтерілді

0
553

QS World University Rankings 2026 нәтижесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 628-орынға көтеріліп, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бірден 43 сатыға ілгеріледі. Бұл – университет тарихындағы ең ірі серпілістердің бірі.

Осылайша, Aбай университеті әлемнің TOP-650 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, Қазақстандағы үздік 5 университеттің қатарынан берік орын алды.

Бұл жетістік – оқытушы мен студент арасындағы оңтайлы арақатынас, жұмыс берушілер арасындағы жоғары бедел және шетелдік профессорлардың үлесінің артуы сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша жүйелі дамудың нәтижесі.

Aбай университеті өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сай, педагогикалық білім берудің ұлттық көшбасшысы ретінде халықаралық білім кеңістігінде өз орнын нығайтып келеді.

Университет рейтингтегі бұл ілгерілеу – сапалы білім, ғылымдағы жетістіктер, халықаралық серіктестіктер мен академиялық ұтқырлық бағытындағы табысты жұмыстың айқын дәлелі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here