«Rubymar» жүк кемесі 2 наурызда Аден шығанағына батып кетті

0
258

Екі апта бұрын, 18 ақпанда Йемен хуситтері Қызыл теңізде баллистикалық зымыранмен соққы берген Ұлыбританияда тіркелген Rubymar жүк кемесі 2 наурызда Аден шығанағында батып кетті. Бұл Иранның қолдауына ие болған йемендік содырлар суға батырған алғашқы кеме саналады. Газа соғысы басталғаннан кейін олар Израильмен байланысты деп санайтын барлық өтіп бара жатқан кемелерге баллистикалық зымыранмен соққы беріп жүр.

Халықаралық қауымдастық мойындаған Йемен үкіметінің премьер-министрі Ахмед Авад бен Мүбарак теңізге батқан кемені «бұрын-соңды болмаған экологиялық апатқа» теңеді, ал Greenpeace ұйымының өкілдері суға түскен тыңайтқыштар теңіз экожүйелеріне үлкен зиян келтіруі мүмкін екенін айтады. Өйткені, кемеде 21 мың тоннаға жуық тыңайтқыш болған еді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here