8 наурызда Франция президенті Эммануэль Макрон әйелдердің жүктілікті тоқтату құқығын жоғары заңнамалық деңгейде бекітетін заңға қол қойды. Оған «әйелдердің өз еркімен жасанды түсік жасатуға құқығы заңмен кепілдендірілген» деген бап қосылды. Осылайша, 68,6 млн халқы бар Франция әйелдердің аборт жасату құқығын заңда бекіткен әлемдегі алғашқы ел атанды.
Француз сенаторлары конституцияда жасанды түсік жасату құқығын ақпан айының соңында бекітуді мақұлдады. Тиісті заң жобасын қолдау үшін 267 сенатор дауыс берді, ал 50 сенатор қарсы болды. Әрине, аталған шешімді Францияның католиктік епископтарының конференциясы (Рим-Католик шіркеуінің алқалы әкімшілік органы, – ред.) қатаң айыптады. Дегенмен, 46 жастағы 25-ші президент аталған заңға қойды.