Алматыда дизайн-код талаптары енгізіліп жатыр

0
272

Қалада ғимараттардың бірінші және екінші қабаттарындағы тұрғын емес үй-жайлардың маңдайша жазуы, сыртқы жарнама мен кез келген басқа сыртқы ақпарат, түстер мен әрлеу материалдары қасбеттің сәулеттік стиліне сәйкес келіп, ғимараттың тұтастығын бұзбауы тиіс. Осы жылдың наурызынан бастап күшіне енген дизайн-кодтың талаптары осы.

Алматыда қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін маңдайшалар мен плакат баннерлерін демонтаждау басталды. Ең алдымен, маңдайшалар мен плакат баннерлері алынып тасталатын болады.

Еске салсақ, 2023 жылғы 29 желтоқсанда Алматының дизайн-коды қабылданды. Нұсқамалар жиынтығы наурызда күшіне енді. Құжат жеті бағытты қамтиды, олардың біреуі ақпараттық баннерлерді безендіру және толтыру, сондай-ақ олар орналасқан объектілерді әрлеуге қойылатын талаптарды анықтайды.

Сондай-ақ, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ және «Атамекен» ӨКП базасында бизнес өкілдерімен бірнеше жобалық семинарлар өтті, онда кәсіпкерлер «Маңдайшалар» мен брендбуктар бөлімін белсенді талқылап, өз ұсыныстарын ұсынды.

«Отандық суретшілер үшін өз туындыларын сала алатын визуалдық кеңістіктің бір бөлігін стандартқа салса жақсы болар еді. Бұл шаралар қазақстандықтардың мәдени рухын көтереді», – дейді «Almaty Tourism Bureau» маркетинг бөлімінің басшысы Галина Голдберг.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен кәсіпкерлерге дизайн-код талаптарына көшу үшін 1,5 жыл берілді. Талаптарға ерте бейімделу шеңберінде кәсіпкерлерге бастапқы кезеңдерде субсидиялау нұсқалары қарастырылады.

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here