Жетекші университетте суперкомпьютерді орнату туралы келісімге қол қойылды

0
163

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да суперкомпьютерді орнату туралы келісімге қол қойылды.

Суперкомпьютер цифрлық егіздерді, жасанды интеллект технологияларын, университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылымды қажетсінетін есептеулерді жасау, IoT-объектілерді басқару және ұйымдастыру, Smart-технологиялар объектілерін басқару жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және басқалар үшін пайдаланылатын болады.

Айта кету керек, ұсынылған суперкомпьютердің ең жоғары өнімділігі 1,94 PFLOPS құрайды және Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер болады.

Суперкомпьютер бүкіл Қазақстан ғалымдарына деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге, мемлекеттік органдардың түрлі жағдайларын модельдеуге және елдің IT-инфрақұрылымын дамытудағы жаңа дәуірге айналуға мүмкіндік туғызады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here