Елімізде олигархтардан қайтарылған қаржыға мұқтаж отбасыларға баспана салынады

0
254

Активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізімдегі субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен еді. Жүйелі жұмыс нәтижесінде құны 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобалар іске асырылады. Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы.

«Ғимараттың ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі», – делінген хабарламада.

Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынады. Прокуратураның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here