Кәрім Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

0
77

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2022 жылға қаңтар трагедиясына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімовке тиесілі делінетін үйді сатылымға шығарды. Жылжымайтын мүліктің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге деп көрсетілген.

Аталған компания 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізілетінін хабарлайды.

– Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады, – деп жазылған компанияның ресми сайтында. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here