Президенттің көмекшісі лауазымындағы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, – делінген ресми тараған құжатта.