Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Айта кетелік, қазақстандықтар мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді қатысып жатыр.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 3 447 депутаттық орынға 10 971 үміткен тіркелген.









