8 миллион Қазақстан азаматы декларация тапсырудан босатылады

0
63

Жаңа Салық кодексі аясында 8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

23 маусымда Сенат депутаттары Салық кодексінің жаңа нұсқасына өзгеріс енгізіп, жаңа редакцияда Мәжіліске қайтарды. Төменгі палата депутаттары Сенаттың ұсыныстарымен келіссе, құжат бірден Президенттің қол қоюына жіберіледі. Кодекс аясында жеке тұлғаларды активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырудан босату қарастырылған.

«Бүгін Сенат бұл норманы мақұлдады. Соның ішінде жай жалақы және әлеуметтік көмек алатын жеке тұлғалар бар. Ондай адамдардың жалпы саны – 8 млн. Бүгінде бізде процестердің басым бөлігі цифрландырылған. Оған қоса, тауарлардың 87 пайызы қолма-қол ақшасыз сатып алынады. Бізде барлық мәлімет бар. Сондықтан, жеке тұлғаларды декларация тапсырудан босатуға шешім қабылданды», – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистерге берген сұхбатында.

Жаңа Салық кодексінің нормалары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here