Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

0
279

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік ойын- тоғызқұмалақтан аудандық BOSTAN CUP турнирі өтті. Жарысқа ұлттық ойынға, зияткерлік спортқа және бәсекелестікке қызығушылық танытқан 100-ден астам бала мен жасөспірім қатысты.

Турнир Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Тоғызқұмалақ» бос уақытты ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өткізілді.

Жарыс бес кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің шеберліктерін, стратегиялық ойлау қабілеттерін, зейіндерін және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын көрсете білді. Тоғызқұмалақ- тек ойын ережелерін білуді ғана емес, сонымен қатар логиканы, шыдамдылықты, есептеуді және өзіндік тактика құра білуді талап ететін зияткерлік ойын.

Турнир аясында өскелең ұрпақ арасында ұлттық зияткерлік спортты кеңінен насихаттауға, мәдени дәстүрлерді сақтауға және балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

BOSTAN CUP турнирі қатысушылар үшін өзара қарым- қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және спорттық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін алаңға айналды. Жас ойыншылар өз күштерін сынап, тоғызқұмалақ әуесқойларымен танысып, жаңа жарыс тәжірибесіне ие болды.

Турнир қызығушылыққа, достық бәсекеге және ұлттық құндылықтарға деген құрметке толы атмосферада өтті. Бұл шара жастар арасында зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықтың жоғары екенін және өскелең ұрпақтың жан- жақты дамуы үшін осындай іс- шаралардың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here