6 алтын медаль: норвегиялық шаңғышы бір Олимпиадада барлық жарыста алтын алды

0
162

Йоханнес Клэбо Милан және Кортина-Д’Ампеццодаға қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық классикалық стильдегі марафонда топ жарды. Осылайша, ол 11 дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Клэбо 50 шақырымды 2 сағат 06 минут 44,8 секундта еңсерді. Жүлделі орындардың барлығы дерлік норвегиялықтардың еншісінде қалды:

  • Йоханнес Клэбо – 2:06:44,8;
  • Мартин Нюэнгет – +8,9 секунд;
  • Эмиль Иверсен – +30,7 секунд.

29 жастағы Клэбо Италиядағы Олимпиадада бұған дейін де бірнеше дисциплинада алтын алған. Ол скиатлонда, спринтте, жеке жарыста, эстафетада, командалық спринтте және 50 км марафонда жеңіске жетіп, бір қысқы Олимпиадада 6 алтын медаль алған алғашқы спортшы ретінде рекорд жаңартты.

Клэбоның Олимпиададағы олжасы бұнымен шектелмейді:

  • Пхенчхан-2018: 3 алтын медаль;
  • Бейжің-2022: 2 алтын медаль.

Осы көрсеткіштерімен ол қысқы Олимпиада тарихында алтын медаль саны бойынша ерекше рекордқа ие спортшылардың қатарын кеңейтті.

Есбол ҚУАТҰЛЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here