Өлеңнен өрілген өнер кеші: Алматыда «Кездесіп қалайық!» кеші өтеді

0
19

Алматыда ақын Нұртас Тұрғанбектің шығармашылығына арналған акустикалық поэзия кеші өтеді.

Өлеңнің өрнегі мен әннің әуезі астасқан рухани кештің орны қашанда бөлек. Әсіресе, жүрекке жеткен жыр мен көптің көңілінен шыққан әннің авторы өз шығармаларын тыңдарманымен жүзбе-жүз бөліссе, бұл өнерсүйер қауым үшін айрықша әсерге айналары сөзсіз.

22 қараша күні Алматы қаласында қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ақын, ән мәтіндерінің авторы Нұртас Тұрғанбектің  «Кездесіп қалайық» атты акустикалық поэзия кеші өтеді.

Ақынның шығармашылық әлеміне бойлап, сөз бен саздың құдіретін сезінуге мүмкіндік беретін ерекше өнер кеші болмақ. Кеш барысында Нұртас Тұрғанбектің  сөзіне жазылған «Сезімді қайтейін», «Мазаламайын», «Бір ойлап алам»,  «Дәруменім» сынды тыңдарман жүрегінен орын алған танымал әндер шырқалады.  Сонымен қатар ақынның сыршыл жырлары оқылып, поэзия мен әуеннің жарасымды үндестігі көрерменге ұсынылады.

Кештің арнайы қонақтары қатарында Қанат Үмбетов, Абзал Утешов, Асылжан Абдулла,  Нұрым Қуаныш  және Иса Алимуса бар.  Өнер иелері кештің мазмұнын байытып, әуезді әндерімен көрерменге ерекше көңіл күй сыйламақ.

«Кездесіп қалайық!» атта кеш жүректегі сезімді жырға қосып, сағынышты әнге айналдырған шығармалармен қайта қауышудың мүмкіндігіне жол ашпақ . Өлеңді бағалап, әсем әнді сүйетін  жандар үшін бұл кештің  берері мол болмақ.

Кездесу 22 қараша күні,  сағат 19.00-де Алматы  қаласындағы  Orchestra Terrace Restaurant мейрамханасында  (Abay Plaza сауда орталығы, 4-шағын аудан, 10Б) өтеді.

Билет саны шектеулі.   Қосымша ақпарат пен билет алу үшін:

+7 702 648 52 70

Ендеше, әсем ән мен әсерлі жырдың куәсі болып, өнердің айналасына жиналайық!  Кездесіп қалайық!

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here