Педагогикалық залдағы кездесу шетелдік қонақтардың қатысуымен өтті

0
1557

13 ақпанда Педагогикалық қонақ бөлмесінде оқытушылар мен студенттердің кезекті кездесуі өтті. Бүгінгі күнгі білім берудің өзекті мәселесі – қашықтан оқыту. Кездесуде Алматы және Тараз қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері әртүрлі платформалармен жұмыс жайлы өз тәжірибелері жайлы айтты.

Кездесу барысында Лилия Қарамергенова мен Надира Тілеуова (Алматы қ., №34 гимназия) Microsoft Teams платформасындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтар материалдарды тіркеу, оларды оқушыларға көрсету, топтық жұмысты ұйымдастыру, тақтамен жұмыс сияқты сабақты ұйымдастыру кезіндегі аталмыш платформаның мүмкіндіктерін көрсетті.

Марина Смелик (Алматы қ., №132 гимназия) қатысушыларға onlinemektep.net платформасында сабақтарды ұйымдастыру барысын көрсетті, мұнда мұғалімге сабақты дайындауға, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен үй жұмысы тапсырмаларын тіркеуге, оқушылармен кері байланыс жасауға, орындалған жұмысқа тез арада баға беруге мүмкіндік береді.

Кафедра түлегі, бүгінде жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алла Козленко «Googlе базасында «Bilimkana-Almaty» ЖШС-дағы қашықтан оқытуды ұйымдастыру» бойынша тіркелу, сабақ кестесін құрастыру, оқушыларға арналған тапсырмаларды, тест тапсырмаларын тіркеу, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жасау жұмыстары жайлы айтып берді.

«Бастауыш» білім беру бағдарламаларының доценттері Әсел Ақпаева, Лариса Лебедева және «A-Status» (Тараз) мектеп-гимназия, балабақша кешенінің мұғалімі Лариса Гилева OPIK.KZ платформасының жұмысы жайлы баяндады. Қатысушылардың назарына аталмыш платформаның нәтижесін қолма-қол тексерте отырып, оқушылардың онлайн режимінде тапсырмаларды орындауы, сабаққа арналған материалдарды дайындау сияқты мүмкіндіктерін қолдана отырып, сабақтың үзінділерін дайындау жолдары көрсетілді.

Кездесуге Қазан федералды университеті, Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу жұмысын Екатерина Рябова қорытындылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here