Шәкірт жүрегінде жатталады, көңілінде хатталады…

0
1559

24 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы Филология және көптілді білім беру институтының 1-курс студенттерімен кездесті. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген кездесу студенттерге ерекше әсер етті. Университет ректоры Дархан Біләлов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов және ректордың кеңесшісі Жанатбек Ішпекбаевпен сұхбат құрды. Студенттер ректормен бірге бас оқу ғимараттағы университет мұражайын тамашалады.

Филология және көптілді білім беру институтының директоры Алуа Таңжарықова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Амирова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов, академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясова және кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамымен жүздесті. Студенттер институт басшылығының қолдауымен бас ғимаратта орналасқан Абай мұражайы кабинетінде ұлы Абайдың даналық сөздері мен толық адам іліміне қатысты қызықты әрі тың ақпараттармен де танысты.

102-топ эдвайзері Қарлығаш Сейталиева студенттерді «Шапағат» орталығымен және орталық тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды. Институттың оқу залын көрсетіп, оқулық қорының бай екендігін көрсетті.

Кездесудің студенттерге оң ықпал еткені олардың қуаныштары мен шексіз алғыстарынан көрініс тапты.

Кездесу киелі қара шаңырақтың тарихын терең түсінуге, басшылық пен профессор-оқытушылар құрамымен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға өз септігін тигізері және шәкірт жүрегінде жатталатыны, көңілде хатталатыны, есте сақталатыны сөзсіз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here