Abai University ең үздік ЖОО рейтингінде 50 сатыға көтерілді

0
1595

Бүгін, 9 маусымда жоғары оқу орындарының «QS World University Rankings-2022» жаңа жаһандық рейтингі жарияланды. Бұл зерттеуді Британдық консалтинг Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы жүзеге асырды. Осы рейтингтің қорытындысы бойынша Abai University 551-560 орынды иеленді және өткен жылмен салыстырғанда біздің университет 50 орынға көтерілді. Өткен жылы 601-650 орын алған болатын.

Рейтингті құру кезінде QS тобы әлемнің 93 елінен 1 673-тен астам университеттің деректерін талдады. Рейтингке 1 300 ЖОО кірді. Төмендегі критерийлер бойынша рейтинг жүргізілді:

– академиялық ортадағы беделі (40%);

– оқытушылар құрамының студенттер санына қатынасы (20%);

– жұмыс берушілер арасындағы беделі (10%), дәйексөз индексі (20%);

– шетелдік оқытушылардың (5%) және студенттердің (5%) үлесі.

Критерийлер бойынша бағалау көлемді деректерді талдау негізінде жасалды:

– құрастырушылар 14,7 миллионнан астам ғылыми жарияланымға талдау жасады;

– олар 96 миллионнан астам дәйексөздерді ескерді;

– 450 мыңнан астам жұмыс берушімен сауалнама жүргізді;

– Академиялық қоғамдастықтың 2 миллион өкілі қатысты.

Abai University – әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының жаһандық тізіміне енген Қазақстан мен ТМД-дағы алғашқы педагогикалық жоғары оқу орны және QS World University Rankings рейтингінде жыл сайын лайықты орын алып келеді.

QS рейтингінің өзі 2004 жылы Times Higher Education Британдық басылымымен бірлесіп әзірленді және жоғары оқу орындарының білім және ғылым саласындағы жетістіктері туралы деректерге негізделген арнайы әдістеме бойынша есептеледі.

Осылайша, Қазақстандағы тұңғыш университет өзінің басты мақсатына тағы бір қадам жақындады – 2025 жылға қарай ТМД-да педагогикалық білім беру көшбасшысы болу, ТОП-400 Times Higher Education Impact Ranking; QS WUR/ THE WUR «Білім беру» ТОП-200 пәндік рейтингі; ТОП-400 QS WUR құрамына кіретін жаңа формациядағы педагогтар шеберханасына айналу.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here