Жас кәсіпкер ана мемлекет көмегімен кофейня ашты

0
1785

Бүгін, 15 шілде күні Текелі қаласында жас кәсіпкер ана Гүлдана Өміртайқызы мемлекеттік грант есебінен кофейня ашты. Бизнес нысанның ашылуына Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов қатысып, кәсіпкердің жобасына табыс тіледі.

«MELISSA» кофейнясы қаланың орталығында ашылған. Бүгінде онда 3 адам жұмыс істейді. Кофе және басқа да сусындардан бөлек, кәсіпкер барлық кондитерлік өнімдерді өзі пісіреді.

Гүлдана Қапалова – үш баланың анасы. 2020 жылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытындағы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып шықты. «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында 2 млн теңге грантқа ие болып, қоғамдық тамақтандыру орталығын ашу үшін қажетті жабдықтар мен құралдарды сатып алды.

«Текелі қаласында қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласындағы нысандарға сұраныс өте жоғары. Сондықтан кәсіпкер атанып, ісін жүргіземін деген азаматтарымыздың саны өсіп келеді. Тек биылдың өзінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды 73 адам аяқтады. 7 жоба гранттық қаржыландыруға ие болды», – деп атап өтті Текелі қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрысбек Жұмаділов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here