Университеттің қос студенті жеңіс тұғырынан көрінді 

0
1925

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Оның үстіне Өнер, мәдениет жəне спорт институты болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жатыр. Студенттердің түрлі жарыста оза шауып жүргендері осы сөзімізге дәлел болса керек. Айталық, күні кеше университеттің қос студенті спорттық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінді.

8-11 қараша күндері Теміртау қаласында самбо күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста сынға түскен «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 3-курс студенті Қайсарбай Арыс 98 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Осылайша, университет намысын қолдан бермеген ол спорт шебері нормативін орындады.

Өткен аптада тұңғыш университет студенттерінің спорттағы жетістіктері мұнымен шектелмеді. 9-11 қараша аралығында Стамбул қаласында (Түркия) каратэден өткен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатына «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының студенті Әліқұл Лаура қатысып, 68 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында әлем чемпионы атанды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here