Ахметтанушы жазушының жаңа кітабы оқырманға жол тартты

0
1145

Таяуда Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, жазушы Жұмат Әнесұлының «Тарихи хикаяттар» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітапта қазақ әліпбиі мен грамматикасының, әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаған Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының 1919-1920 жылдары алғашқы Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының құрылуына сіңірген зор қайраткерлік қызметі баяндалады.

Жаңа кітаптың тұсаукесеріне ақын Аян Нысаналин, жазушы, «Балбұлақ» журналының бас редакторы Мағира Қожахметова, бұрын Су шаруашылығының министрі болған қайраткер Нариман Қыпшақбаев, күйші, ақын Талап Қараш және Ахмет Байтұрсынұлының немере туыстары – ғылым докторы Қасым Мәуленов, Бақытжамал Мәуленова, Амандық Шәймерденұлы, деректі фильмде Ахаңның рөлін сомдаған немере туысы Болат Назарұлы және басқалар қатысты. Жаңа кітаптың лентасын Нариман Қыпшақбаев пен Мағира Қожахметова қиды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here