Білімде шекара да, шектеу де жоқ

0
1469

20-24 мамыр аралығында Абай университеті өкілдері Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі, Өзбекстан Республикасы Жастар ісі жөніндегі агенттігі, «Россотрудничество» өкілдігі, «ERASMUS+» ұлттық кеңсесі және т.б. көмегімен ұйымдастырылған Ташкент қаласында өткен «Білім және кәсіп» халықаралық білім көрмесіне қатысты.

Аталған конференция барысында Abai University білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірдің тұсаукесері өтті. Шара аясында университет ұжымы мен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры арасында кездесу өткізіліп, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланып, екі дипломдық оқу бағдарламаларын ашу туралы келісімге қол жеткізілді. 

Өзбекстанға барған бұл сапарда Науаи облысының қазақ диаспорасының өкілдері білім алатын аудандық қазақ мектептерінде кездесулер болды. Қазақ мектептерінің түлектерімен кездесу барысында университетіміздің өкілдері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «қандастарға» арналған стипендиялық бағдарламалары, ҰБТ тапсыру және тіркеу мәселелері кезең-кезеңімен түсіндіріліп, Абай университеті оқуға қабылдау жөнінде айтып берді. 

Сонымен қатар, Науаи атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінде кездесу өтіп, онда біздің университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here