Ұлағатты ұстаздың ТМД елдерінің оқытушылары арасында мерейі артты

0
2504

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институты шетел тілдері кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы Жұлдыз Құрмамбаева «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастырылған ассоциациясының нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Астана қаласында «Үздік педагог-2022» ғылым және білім беру мекемелері арасында өткізілген «Халықаралық кітап басылымы», «Үздік педагог-2022» сайысына қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша Жұлдыз Балтабекқызы ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік педагог-2022» медалімен марапатталды. Оның ғылыми мақаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік педагог-2022», «Халықаралық кітап басылымы» ғылыми мақалалар жинағында жарияланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here