Ататүрік елінде баспаналы болған қазақстандықтар көп

0
389

Түркияның қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мұрат Құрым былтыр 159 елдің азаматтарына барлығы 75 185 немесе 8,3 млн шаршы метр жылжымайтын мүлік сатылғанын мәлімдеді. Ататүрік елінде баспаналы болғандардың арасында Қазақстан азаматтары да аз емес.

Статистиканы сөйлетсек, барыс жылы Түркиядан ең көп жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдіктердің көшін ресейліктер бастайды. Олар 17 143 нысан сатып алған. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Иран (9 023), үшінші орында Ирак (6 409) тұр. Германия (3 211) мен Украина (2 593) алғашқы бестікті түйіндейді. Алтыншы орынға Қазақстан азаматтары жайғасқан. Отандастарымыз былтыр Түркияда 2 557 жылжымайтын мүліктің иесі атанған. Үздік ондыққа Ауғанстан (2 271), Кувейт (889), АҚШ (609) және Әзербайжан (515) енген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here