ҚазҰАЗУ ғалымдары жекеге өтіп кеткен активтерді қайтару мәселесін көтерді

0
1474
Абай даңғылы, 8а мекенжайындағы «Ауыл шаруашылығын электрофикациялау» факультетінің оқу ғимараты жер телімімен қоса 14.12.2001 жылы №2032 сату-сатып алу келісімшарты бойынша Халықаралық бизнес университетіне (UIB) жекеменшікке өтіп кеткен

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің акт залында университеттің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ғылыми кеңеске ЖОО басшылығы, құрылым жетекшілері, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Бұл туралы ҚазҰАЗУ-дың Баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі күн тәртібі бойынша ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиев «Инфрақұрылымның даму мәселелері мен оларды шешу жолдары» туралы баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында ҚазҰАЗУ ғалымдары университет балансынан шығып кеткен ірі көлемді активтерді қайтару мәселесін көтерді.

Атап айтқанда:

  • 1 000 төсек-орындық 3 студенттік жатақхана;
  • Жалпы ауданы 18 828,5 шаршы метрлік 5 оқу-зертханалық ғимараттар;
  • Жалпы ауданы 1,8 га 1 стадион және оқу спорт кешені;
  • Жалпы ауданы 700 шаршы метр әкімшілік-шаруашылық ғимараттары мен өзге де жылжымайтын мүлік нысандары;
  • Университет ғимараттарына іргелес жатқан жалпы ауданы 5 гектарға жуық жер телімі;
  • Университеттің Алматы облысындағы Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан оқу-тәжірибелік шаруашылықтарындағы жер телімдері – 12 га.

Ғылыми кеңесте ҚазҰАЗУ балансынан ертеректе жекеге қарап кеткен жылжымайтын мүліктер тізімі жарияланды. Олар:

  • Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 176 мекенжайында орналасқан «Агрономия» факультетінің студенттік жатақханасы тұрғын үйге айналдырылған және жеке тұлғалар жекешелендіріп алған;
  • Абай даңғылы, 30 мекенжайындағы «Зооинженерия» факультетінің жалпы аумағы 4 047 ш.м. студенттік жатақханасы;
  • Абай даңғылы, 26а мекенжайындағы «Зооинженерия» және «Ветеринария» факультеттерінің лабораториялық оқу ғимараттары, жалпы көлемі – 10 431 ш.м.;
  • Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 7а мекенжайындағы «Зооинженерия» факультетінің жалпы көлемі 1 684,6 ш.м. жатақханасының бір бөлігі, 0,3076 га жер телімімен қоса;
  • Абай даңғылы, 8а мекенжайындағы «Ауыл шаруашылығын электрофикациялау» факультетінің оқу ғимараты, жер телімімен қоса 14.12.2001 жылы №2032 сату-сатып алу келісімшарты бойынша Халықаралық бизнес университетіне (UIB) жекеменшікке берілген;
  • Абай даңғылы, 8-8 мекенжайындағы «Ауыл шаруашылығын механизациялау» факультеті оқу ғимаратының бір бөлігі, жалпы аумағы 997,5 ш.м., 0,0388 га жер телімімен қоса 06.06.2001 жылы «ҚР Үстел теннисі федерациясы» ҚБ-іне №1963 мемлекеттік меншікті сату-сатып алу келісімшарты бойынша жекеменшікке берілген;
  • Абай даңғылы, 28 мекенжайындағы жалпы аумағы 1 206,0 ш.м. стадион (спорт залымен) және 1,8051 га жер телімімен қоса 2007 жылы «ИРИДА ИНВЕСТ» ЖШС-іне кейіннен иеліктен шығару мақсатымен сенімді басқаруға берілген;
  • Абай даңғылы, 8 мекенжайындағы әкімшілік-шаруашылық ғимараттары және (0,3083 га) жер телімімен қоса 20.11.2006 жылы «ИРИДА ИНВЕСТ» ЖШС-іне жекеменшікке берілген. Университеттің аумағында «Рамс Қазақстан» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салуды бастаған, алайда Алматы қаласы әкімінің шешімімен 2021 жылы құрылыс нысаны тоқтатылды. Қазір нысан құрылысына шектеу қойылды;
  • Абай даңғылы, 28 мекенжайындағы Оқу және әкімшілік ғимараттары, құрылысы бітпеген нысан мен (0,9051 га) жер телімі 20.11.2006 жылы «ИРИДА ИНВЕСТ» ЖШС-іне жекеменшікке берілген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here