ҚазҰУ-ға Ош мемлекеттік университетінің делегациясы келді

0
486

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ректор Құдайберді Ғапаралыұлы Қожабеков бастаған Ош мемлекеттік университетінің делегациясы келді. Қонақтар әл-Фараби мұражайын, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын, механика-математика факультетін және экономика және бизнес жоғары мектебін аралады.

Қырғыз делегациясы ҚазҰУ департаменттерінің басшыларымен жұмыс кездесуіне қатысып, онда университеттің IT инфрақұрылымын дамыту және білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратпен танысты. Содан кейін ОШ мемлекеттік университетінің делегациясын Басқарма Төрағасы-ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қабылдады.

Келіссөздер барысында ҚазҰУ басшысы қонақтарға университет қызметі, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары, шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы айтып берді. Университет ректоры ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз университет екенін атап өтті. Университетте әлемнің 30 елінен 100-ден астам шетелдік профессорлар мен ғалымдар дәріс береді. Сондай-ақ, өткен 2022 жылы Бішкек (Қырғыз Республикасы) және Ыстамбұлда (Түркия) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филиалдары ашылған. ҚазҰУ-дың Орталық Азия жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясы жыл сайын кеңейіп келеді және бүгінгі күні 30-дан астам келісімге қол қойылған. Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарымен 12 келісім жасалған.

Кездесу барысында барысында тараптар білім беру бағдарламалары бойынша одан әрі ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here