Абай университетінде Мультимедиалық студия ашылды

0
1151

Абай университетінде Мультимедиалық студия ашылды. Студия жаңа форматта конференциялар, семинарлар, форумдар сияқты шаралар өткізуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы жабдықтармен қамтылған.

Мультимедиалық студия жаңа компьютерлермен, интерактивті тақтамен, проектормен және басқа да техникалық құралдармен жабдықталған, бұл оқытушыларға заманауи әдістер мен құралдарды қолдана отырып, сабақтар мен семинарлар өткізуге мүмкіндік береді.

Мультимедиалық студияны құру университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуындағы өзіндік жаңа кезең болды. Студенттерді оқу үдерісіне тартуды арттыру және университеттің ғылыми-тәжірибелік қызметінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін педагогика және психология саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

«Edsmart Premium LED Doska» интерактивті бейнежазба студиясы – бейне және дыбыс жазуға, алынған материалды ақпараттық бейне презентацияларға, онлайн дәрістер мен веб-конференцияларға арналған қорытынды бейнеге өңдеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен. Оның көмегімен интерактивті презентациямен өзара әрекеттесудің бірегей мүмкіндіктерін пайдалана отырып, интерактивті бейне нұсқаулықтар мен бейне дәрістер жазуға, бейне сабақтар мен конференциялар өткізуге болады. Бұл оқытушылардың білім алушылармен цифрлық технологиялар арқылы өзара әрекеттесуінің өте құнды құралы.

Интерактивті бейне студиясы инновациялық led-тақтасы мен монтажсыз бағдарламалық жасақтаманың арқасында кәсіби деңгейдегі контент жасауға мүмкіндік береді. Бейне студия оқытушыларға бейне-сабақтарды, біліктілікті арттыру курстарын, презентациялық бағдарламаларды дайындауға және өз сабақтарын жоғары технологиялық деңгейде өткізуге арналған цифрлық зертхананы ұсынады. Кәсіби жарық, аудио және бейне жабдықтары мобильді, бұл оны студия қабырғаларында ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан оқыту сабақтарында пайдалануға жағдай жасайды.

Мультимедиалық студияның ашылуының көптеген артықшылығы бар:

  • оқыту сапасын арттыру: заманауи құрал-жабдықтардың арқасында оқытушылар түрлі көрнекі әдістер мен аудиовизуалды материалдарды пайдалана отырып, сабақты тиімді өткізе алады.
  • ыңғайлылық пен жайлылық: студияда орнатылған жаңа жабдық іс-шараларды неғұрлым ыңғайлы форматта өткізуге мүмкіндік береді, көрермендер бәрін жоғары сапада көреді және естиді.
  • тәжірибе алмасу: мультимедиялық студия тек оқу мақсаттары үшін ғана емес, жиналыстар, форумдар және басқа да іс-шаралар өткізу үшін де пайдаланылатын болады. Бұл түрлі университеттер мен ғылыми мектептердің ғалымдары арасында тәжірибе мен ақпарат алмасуға ықпал етеді.

Абай университеті мультимедиалық студиясының ашылуы университеттің және жалпы қазіргі педагогика саласының дамуындағы маңызды қадам болып табылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here