Қазақстан-Түркия: білім саласындағы ынтымақтастық

0
933

Алматыдағы Республика сарайында «Жібек жолы» атты Түркияның жоғары оқу орындарының көрмесі өтті. Онда 12 түрік және 13 қазақстандық университет қатысты. Бұл көрменің басты ерекшелігі – әлемде тұңғыш рет түрік және қазақстандық жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қояды.

Көрменің ашылу сәтінде университет ректорларына және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоғлұға сөз берілді.

– Қазақстан мен Түркия университеттері ортақ өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін арнайы Меморандумға қол қояды. Бұл жобаны өткен жылы қыркүйек айында бастадық. Биыл білім көрмесін 4-ші рет ұйымдастырып отырмыз. Келісім шарт нәтижесінде студенттердің тәжірибе алмасуы мен ортақ жобалар жыл өткен сайын көбейе береді. Дәл қазір Түркияда Қазақстаннан барған 8 мың студент білім алуда. Жалпы Түркияда шетелдік білім алып жатқандар саны – 350 мың болды. Биыл көрсеткішті 500 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Оның басым бөлігі Қазақстаннан барады деген сенімдеміз, – дейді Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоғлұ.

Шара барысында Қазақстанға бірінші рет келген Ығдыр университетінің ректоры Мехмет Хаккы Алма өз жаңалығымен бөлісті.

– Осындай жоғары оқу орындарымен кәсіби саладағы ынтымақтастыққа алғашқы қадам басуымыз. Бізге және стиуденттер үшін бұл өте маңызды шара. Ығдыр университетінде оқитын, сондай-ақ оқығысы келетіндерге бакалавриат, магистратура, phd доктарантура және оқытушылардың тәжірибе алмасуында маңызы бар құжаттарға қол қоямыз. Дәл қазір біздің университетімізде 38 елден студент бар. Оқу орны жанынан ашылған технопаркте мұғалімдер өзінің бизнесін аша алады. Соның нәтижесінде студенттерді біліммен сусындата жүріп, жеке кәсіппен айналысуына мүмкіндік бердік, – дейді Мехмет Хаккы Алма.

Бұдан соң ректорлардың қатысуымен Түркия және Қазақстан университеттері арасындағы меморандумдарға қол қойылды. Маңызды басқосуға барлық баспасөз өкілдері шақырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here