Бір келісі – 1 600 теңге: Қазақстанда киік етін қайдан алуға болады?

0
345

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңдеуші кәсіпорындарға киік етінің килограмын 1 600 теңгеден сатуды ұсынды. Алайда, «Kazinform» агенттігінің тілшісі анықтағандай, еліміздегі базар сөрелерінде бұл өнім әзірге жоқ.

Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлік департаменттердің деректері бойынша киік еті бөлшек саудада сатылмайды. Көп жағдайда шаруалар етті өңдеу цехтарына өткізеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, өңдеуші кәсіпорындар киік етін тұтас туша күйінде алдын ала берілген тапсырыс бойынша сатады, ал өнімнің бір бөлігі консерві өндіруге жіберіледі. Киік етінен консерв шығаратын кәсіпорындар қатарында «Кублей» ЖШС, «Торғай ет» ЖШС және «Ұлы дала К» ЖШС бар. Демек, нарықта бұл өнім консерві түрінде де ұсынылуы мүмкін.

Қазіргі таңда елімізде тәулігіне 4 140 киікке дейін өңдеуге қуатты 25 ет қабылдау нысаны жұмыс істейді. Барлығы 4 374 тушаға 108 ветеринариялық анықтама берілген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here