Заң және тәртіп

0
577

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Заң және тәртіп» атты кездесу сағаты ұйымдастырылды. Мақсатымыз – қоғамдағы құқықтық сананы қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты түсіндіруге  атсалысу. Кездесуге Prime Legal Partners адвокаттық кеңсенің заңгерлері қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары белгілі заңгерлері Журабаев Бахтиёр Шадыкұлы, Аукенов Мади Мұхтарұлы және Л.Б.Ганчаров атындағы Қазақ автомобиль жол колледжінің студенттері қатысты. Іс-шараны орталығымыздың қызметкері Жексембинова Назерке жүргізді.

Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтай барысында Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар бастамаларды көтеріп, ұлт келешегі үшін маңызды қадамдардың жасалар кез келгенін тілге тиек етті. Мемлекет басшысы әділетті Қазақстан құру жолында Заң мен тәртіп басты құндылық екенін де айтап көрсетті.

«Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз. Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз. Мемлекеттіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында құқық саласының қызметкерлері бүгінгі ақпараттық және технологиялар дамыған заманда әлеуметтік желілердегі құқықтық мәдениетті сақтау, заң нормаларына сай іс-әректтер жасау, сталлинг, буллингтердің алдын-алу, қоғамдық орындардағы адамның іс-әректтері, әлеуметтік желілердегі алаяқтардың арбауына түсіп қалмау туралы заң аясында айтып өтті.  Алаяқтардың қулығы – жәй амал емес, ол адамның қаржысын, уақытын тіпті адамның тағдырына балта шабатын қылмыс болуы да әбден мүмкін. Кәмелекеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзылушылықтың алдын-алу, құқықтық сананы қалыптастыру туралы айтып өтті. Қазақстан Республикасының Ата заңындағы адам құқықтары мен бостандықтары туралы баптарға сілтемелер жасай отырып, заң нормаларымен  таныстырды. Адвокатарға студенттер өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтар қойып, ашық пікірталас жүргізді. Жастар арасындағы жиі кездесетін құқықтық қателіктер, заңсыз іс-әрекеттер орын алса жауапкершіліктен босатылмайтыны туралы да айтылды. Бүгінгі таңда жастар жеңіл түрде ақша табу үшін есірткі тасымалдау жолына түсіп жататыны туралы нақты фактілермен айтып берді. Статистикаға сүйенсек, 14 мыңға таяу 12-14 жас, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер 7 жылдан жоғарғы бас бостандықтарынан айырылып, колонияларға жіберіліп жататыны туралы фактілер көптеп кездесуде. Жанындағы достарының ықпалы, сонымен қатар өзі де заңды білмегендіктен осындай заңсыз іс-әрекеттрге барып жататынына куә боламыз. Қоғамда орын алып отырған  жасөспірімдер арасында болатын дропинг, сталкинг, кибербуллингтер көптеп кездесуде. Осындай жағдаяттар  ең алғашқы рет аулада, мектепте, оқу орындарында, тіпті жұмыс орындарында да кездесіп жатады. Әсіресе, мектепте осындай жағдаяттарға тап болған жағдайда ата-аналарына, сынып жетекшісіне, мектептің психологіне айту қажет. Алайда, заң бұзушылық факторлар болған жағдайда  кез келген «адам заңды білмедім» деу құқықтық жауапкершіліктен құтыла алмайтынын түсіну қажет. Студенттер тарапынан қойылған бірқатар құқықтық сипатағы сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сақтықты күшейтіп, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Бүгінгі таңда мемлекет тарпынан заңдардың орындалуын қадағалау, адам құқықтары мен бостандықтарына қол сұқпау, ар-ожданданына тимеу, әдеп кодесін сақтау, құқықты мәдениетті қалыптастыру туралы бұқаралық ақпараттар арқылы көптеп насихатталуда. Мәдени орындарда заң өкілдерімен кездесу сағаттары, лекциялар, дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрлі үрдіске айналуда. Әр азамат құқықтық сауаттылығын арттыру қажет деп есептейміз. Қоғамда мәдени құқық нормаларды жүзеге асыруға барлығымыз атсалысуымыз қажет.

Каженова Руза Жүнісқызы,
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here