Парламентаризм институты: жүйелі аналитика және заң шығаруға сараптамалық қолдаудың бес жылы

0
2217

Бүгін Астанада Парламентаризм институтының 5 жылдығына орай іс-шара өтті. Кездесу барысында Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда Институттың қысқа мерзім ішінде заң шығару процесіне ғылыми-аналитикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін және парламентаризмді дамытуға үлес қосатын беделді сараптамалық алаңға айналғаны атап өтілген.

Іс-шараға сондай-ақ Сенат депутаттары, бейінді мемлекеттік органдардың басшылары және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

«Парламентаризм институты Парламентке қолданбалы және кәсіби аналитика қажет болған ауқымды саяси және құқықтық реформалар кезеңінде құрылды. Өткен жылдар ішінде депутаттық корпуспен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде жүйелі жұмыс жолға қойылды, оның ішінде екі жүзге жуық заң жобасына сараптамалық пысықтау жүргізілді. Бұл қабылданатын заңдардың сапасына тікелей әсер етті», – деп атап өтті Жақып Асанов.

Ол сондай-ақ Институт қызметінің елеулі бөлігі заңнамаға кең ауқымды бағыттар бойынша мониторинг жүргізуге және талдау жасауға байланысты екенін атап өтті. Бұл жұмыс құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды анықтауға және салмақты заңнамалық шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жеке назар мәслихат депутаттары мен олардың аппараттарының қызметкерлері үшін оқыту іс-шаралары арқылы жергілікті жерлердегі өкілді билікті дамытуға бөлінеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Парламентаризм институты парламенттік жүйеде тұрақты орын алғаны және депутаттармен, мемлекеттік органдармен және ғылыми қоғамдастықпен сараптамалық өзара іс-қимылдың сұранысқа ие форматтарын дамытуды жалғастыратыны айтылды. Қатысушылар цифрландыру және заңдардың сапасына қоғамдық сұраныстың өсуі жағдайында Институттың рөлі тек арта түсетініне сенім білдірді.

ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here