Стамбулда қазақ әдебиетінің жұлдызы жарқырады

0
1416

ЮНЕСКО-ның шешімімен 15 желтоқсан – Дүниежүзілік түркі тілдерінің отбасы күні деп жарияланған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Тәуелсіздігінің 34 жылдығын атап өту мақсатында, Стамбулдағы Қазақстан Бас консулдығының қолдауымен Kam-Us баспасы, панельдік талқылаудан, әңгімелерден, қазақ халық музыкасы концертінен және фильм көрсетілімінен тұратын Қазақ әдебиеті күнін ұйымдастырды.

Бағдарлама барысында Қазақстан атынан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әлия Іңкәрбек ОКЖ «Алматы кітапханалары» директоры Мейрам Бектембаевтың  арнайы жіберген құттықтау хаты мен Қазақстаннан арнайы әкелінген сыйлықтарды табыс етті. Алғыс хаттар Қазақстанның Түркиядағы консулдығына, «Рами» кітапханасының директоры Али Челикке, «Kam-Us» баспасының басшысы Айдемир Гүлтекинге арналды. Сонымен қатар, Әлия Іңкәрбек ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің түрік қаламгерлеріне ықыласын, құрметін жеткізді. Болашақта бірлесіп жобалар жасайтын ниетін де атап өтті.

«Қазақ әдебиетінің өткені, бүгіні және болашағы» деп аталатын панельдің бағдар Алаш әдебиеті ерекше назар аударылды. Талқылау барысында қайраткер жазушы Дулат Исабековтың шығармалары да талқыланды. Панельден кейін қазақ халық әндерінен құралған концерт өтті.

Қазақ әдебиеті күні бағдарламасына құрметті қонақ ретінде Дулат Исабековтің ұлы Естияр Исабеков қатысты. Басты оқиға – Дулат Исабековтің «Тіршілік» атты кітабының түрік тіліне аударылуы болды. Белгілі аудармашы, қазақ-түрік қарым-қатынасының жанашыры Ашур Өздемир аударған «Дірлік» кітабының лентасын қию рәсімі өтті.

Іс-шара аясында келушілерге Kam-Us баспасынан шыққан қазақ әдебиетінің туындылары мен дәстүрлі жәдігерлері көрсетілген көрме ұсынылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here