Президент жаңа технологиялық дәуірде өркениетті ел болып қалудың басты шарты екенін атап өтті

0
306

Сенат депутаты Бибігүл АҚҚОЖИНА Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатына орай Facebook әлеуметтік желісінде өз ойларын ортаға салды. Онда былай делінген:

Құрметті достар!

Әдеттегідей жыл басында Президентіміз жаңа жылдың бағыт бағдарын атап, елге ерекше серпін беруде.

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін цифрлық трансформация – жай ғана даму бағыты емес, жаңа технологиялық дәуірде өркениетті ел болып қалудың басты шарты екенін тағы да атап өтті.

АҚШ пен Қытай арасындағы жаһандық технологиялық бәсеке жағдайында еліміз жасанды интеллектіні экономика мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізуді стратегиялық басымдық ретінде таңдады. Бұл бағытта Қазақстанның бастапқы мүмкіндіктері жақсы екенін атап өткен жөн.

Бүгінде нақты нәтижелер бар:

– мемлекеттік қызметтер мен финтех саласының табысты цифрлануы

– IT-стартаптарды қолдаудың толыққанды экожүйесінің қалыптасуы

– Astana Hub халықаралық технопаркінің тиімді жұмысы

– CryptoCity пилоттық аймағының іске қосылуы

– Alatau City қаласының құрылысының басталуы

2025 жылы IT-қызметтер экспорты шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрады.

Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытудағы маңызды жетістіктерге де тоқталды:

– Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады

– ⁠ “Жасанды интеллект туралы” Заңға қол қойылды

– Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

– Alem.Cloud және Al-Farabium суперкомпьютерлері іске қосылды.

Сондай-ақ білікті кадрларды даярлау мәселесіне ерекше назар аударылуда. Мектептер мен жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. AI-Sana бағдарламасы аясында 650 мыңнан астам студент оқытудан өтті. Ал жақын уақытта зерттеу бағытындағы жасанды интеллект университетін ашу жоспарлануда.

Жасанды интеллект пен цифрлық дамуға бағдарланған жүйелі саясат – бұл еліміздің болашағына, жаңа жұмыс орындарына, технологиялық тәуелсіздікке және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған инвестиция.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here