UIB студенттері чемпион!

0
629

К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің студенттері «Азамат» зияткерлік бағдарламасында вице-чемпион атанды.

«Хабар» телеарнасында көрсетілген телевизиялық дебат бағдарламасында Алматы қаласындағы университеттің студенттері бірнеше мықты қарсыластарын жеңді. Атап айтқанда, 1/16 финалда Павлодар педагогикалық университетін, 1/8 финалда Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы университетті, 1/4 финалда Нархоз университетін, ал жартылай финалда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін жеңіп шықты. Финалда команда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті.

«Азамат» –  «Хабар» телеарнасының 30 жылдығына орай қайта жаңғыртылған зияткерлік жоба. Бұл бағдарламада студенттер мен жас зияткерлер елдегі маңызды қоғамдық, саяси және экономикалық мәселелерді талқылайды. Олар экономика болашағы, білім беру, құндылықтар, әлеуметтік әділдік және мемлекеттің рөлі сияқты тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салады. Жоба 15 жыл бұрын жабылғанына қарамастан, жаңа маусым қазақстандық жастардың өз пікірін ашық білдіріп, қоғамның үнін қалыптастыра алатынын көрсетті.

UIB университетінің атынан қатысқан студенттер Debate Club жастар ұйымының мүшелері болып табылады. Финалда дебатерлер тапқырлықтарын, шешендік қабілеттерін және аналитикалық ойлау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Бұл нәтиже команда үшін үлкен жетістік қана емес, сонымен қатар UIB университетіндегі белсенді жастар мәдениеті мен азаматтық ұстанымның айқын көрінісі болып табылады. Университеттің жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелейтін заманауи білім беру алаңы ретіндегі рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here