«Таза Қазақстан» – тек сыртқы келбетіміз бен өмір сүретін ортамыздың тазалығы ғана емес. «Таза Қазақстан» – ең алдымен жан дүниеміздің, ішкі болмысымыздың тазалығы. Бұл туралы саясаттанушы, коммуникация және медиа маманы Жандар Асан «24 KZ» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
https://www.youtube.com/watch?v=YETIdEouucQ –
«Президент бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» – көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін үнемі айтып келеді. «Таза Қазақстан» – тек сыртқы келбетіміз бен өмір сүретін ортамыздың тазалығы ғана емес. «Таза Қазақстан» – ең алдымен жан-дүниеміздің, ішкі болмысымыздың тазалығы. Ішкі әлемі кіршіксіз адам теріс қылықтар жасамайды, ізгілікке жаны жақын болады. Осындай адами асыл қасиеттерді бойына сіңірген елшіл, мемлекетшіл отандастарымыздың қатары көп болса, болашағымыз жарқын болмақ», – деп атап өткен Жандар Асан.









