Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
• 1 мамыр (жұма) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (бейсенбі) – Отан Қорғаушы күні;
• 9 мамыр – Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
• 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың бірінші күні.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
• 1 мамыр (жұма) – демалыс, 2 мамыр (сенбі) – жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) – демалыс;
• 7 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
• 9 мамыр (сенбі) – демалыс, 10 мамыр (жексенбі) – демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) – жұмыс;
• 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.
Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал, 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.









