Esil University Малайзияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Open University Malaysia-мен бірлесіп, «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосады. Бұл бағдарлама студенттерге халықаралық үлгідегі екі бірдей дипломды иеленудің мүмкіндігін ұсынады. Түлектер Esil University дипломымен қатар малайзиялық жетекші университеттің дипломын алады.

Бағдарлама трансұлттық білім беру форматында жүзеге асырылады. Бұл студенттерге шетелге шықпай-ақ халықаралық білім алуға мүмкіндік береді. Студенттер Esil University-де оқи отырып, бір уақытта Open University Malaysia білім беру бағдарламасын онлайн форматта меңгереді және оқуды аяқтаған соң екі университеттің де дипломына ие болады.
Сонымен қатар бағдарлама аясында студенттер әлемнің 180-нен астам еліндегі жұмыс берушілер мойындаған, бухгалтерлік есеп, қаржы және аудит саласындағы ең беделді кәсіби біліктіліктердің бірі – ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) халықаралық сертификаттауынан өтуге және оған дайындалуға мүмкіндік алады. Бұл түлектерге отандық компанияларда ғана емес, ірі халықаралық корпорацияларда да табысты мансап құруға кепілдік береді.


Бағдарламаның негізгі артықшылықтары – бір уақытта Қазақстан мен Малайзияның танымал университеттерінің дипломын алу, қаржылық есептіліктің, есеп пен аудиттің жаһандық жүйесін терең зерттеу, кәсіби ағылшын тілін жетілдіру және екі ЖОО-ның білім беру ресурстарына толық қол жеткізу, шетелде тұру және көшу шығындарынсыз халықаралық білім алу.
Талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар:
Бағдарламаға қаржы және аудит саласында сәтті мансап құруды мақсат еткен жастардың қатысуға мүмкіндігі бар. Мамандыққа түсу үшін орта білім туралы аттестат және ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын IELTS 5.0–5.5 немесе баламалы TOEFL сертификаты қажет.
Оқу құны мен құжаттарды қабылдау мерзімі туралы Esil University-дің қабылдау комиссиясына хабарласу қажет.
Call-орталық: +7 708 227 0101
WhatsApp: +7 708 017 3173
Анықтама үшін:
Esil University – Қазақстандағы заманауи білім беру трендтерін қолдайтын, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
Open University Malaysia (OUM) – цифрлық және қашықтан білім беру технологиялары бойынша Малайзиядағы алдыңғы қатарлы, халықаралық деңгейде танылған университет.









