Абай универистетінде Халықаралық студенттік форум жұмысы басталды

0
280

Бүгін Алматыда 16-18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен (SHNU) бірлескен Халықаралық студенттік форум Абай университетінде салтанатты түрде ашылды. «Тұрақты болашақты қамтамасыз етудегі білім берудің құндылығы» тақырыбындағы халықаралық форумды Абай университеті, Қытайдың Шанхай педагогикалық университеті және UNESCO Teacher Education Centre (TEC) ұйымдастырып отыр.

Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдерінің серіктес ұйымдары арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту, студенттердің білім беру жүйелерінің құндылықтары туралы түсінігін кеңейту және тұрақты білім беруді қамтамасыз ету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру. Форум Орталық Азия елдері мен Қытайдың болашақ педагогтарын біріктіріп, білім берудің тұрақты болашақты қалыптастырудағы рөлін талқылауға, тәжірибе алмасуға және халықаралық студенттік ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Форумды университеттің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Исқақова ашып, UNESCO Teacher Education Centre (TEC) Орталық Азия бойынша байланыс жөніндегі өкілі Ли Жуймяо қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Форум бағдарламасы білім берудегі инновациялар мен мәдениетаралық диалог, жоғары оқу орны теориясы мен мектеп тәжірибесін ұштастыруды қамтып отыр. Сондай-ақ, педагог кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беруді трансформациялау құралы ретінде пайдалану, инклюзивті білім беру мәселелерін жан-жақты сөз етті.

Қатысушылар білім берудің жаһандық сын-қатерлерін талқылап, тұрақты болашаққа бағытталған жаңа білім беру архитектурасын қалыптастырудың инновациялық жолдарын ұсынды. Экспресс-баяндамалар тыңдалып, Орталық Азия мен Қытайдағы педагогикалық білім беру жүйесінің сапасы мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.

Форум аясында ЮНЕСКО, Шанхай педагогикалық университеті мен Teacher Education Centre (TEC) өкілдері баяндама жасады. Жас зерттеушілер өздерінің ғылыми ізденістерін таныстырып, білім берудің заманауи бағыттары бойынша пікір алмасты.

Бағдарламада «Тұрақты даму мақсаттары: жастардың болашақ туралы диалогы» зияткерлік ойыны, Global Open Talk форматында «Әртүрлі елдердегі студенттік өмір» тақырыбында талқылау өтіп, әр елден келген жастар өздерінің оқу, қоғамдық және мәдени тәжірибелерімен ортаға салды. Сонымен қатар, іс-шара аясында Абай университеті мен Шанхай педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арнаған арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Үш күндік іс-шара барысында делегаттар алдағы уақытта Алматының білім беру және мәдени нысандарымен танысып, Алматы менеджмент университетіне, ҚазҰҚПУ-ға және NGS бастауыш әрі орта мектептерін аралайды. Болашақ педагог мамадардың басын қосатын Халықаралық студенттік форум келесі жылы Шанхай қаласында өтпек.

«Abai University» медиа орталығы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here