Жандар Асан: «COVID-19-ға қарсы вакцинация – маңызды қадам»

0
1349

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан оқу орнының профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушыларының вакцинациядан өтуі бойынша және ақпараттық-насихаттық жұмыстар жөнінде жалпы ақпарат берді.

Азаматтардың COVID-19 коронавирус індетіне қарсы иммунитетін көтеру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жүйелі жұмыстарды атқаруда.

– Университетте екпе қабылдауға арналған арнайы медициналық кабинеттер жұмыс істейді. Аталған пункте Алматы қаласындағы емхана қызметкерлері оқу орнының ұжымы мен білім алушыларына арнайы кесте бойынша екпе салады. Вакцинация ерікті түрде жүзеге асады.

– 05.08.2021 ж. күні оқытушылар мен қызметкерлердің 51% және білім алушылардың 16%-ы екпенің бірінші немесе екінші дозасын қабылдады.

COVID-19-ға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызын Университет ұжымы мен білім алушыларына түсіндіру мақсатында келесідей ұйымдастыру және насихаттық жұмыстар жүргізілуде:

– Қыздар университеті «Ashyq» қосымшасын іске қосты;

– Университет ұжымы мен білім алушылары арасында COVID-19-ға қарсы вакцинацияны ақпараттық насихаттауға бағытталған медиа-жоспар қабылданды;

– Дәрігер-эпидемиологтардың қатысуымен студенттер үшін кураторлық сағаттар, семинарлар мен брифингтер ұйымдастырылды;

– Университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында қажетті ақпараттар тұрақты түрде жариялануда;

– Коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша Қыздар университеті екпе алған студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында ағылшын тілі бойынша ақылы курстарға арнайы ұтыс ойындарын өткізеді;

– Университет ұжымы мен білім алушылары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Вакцинация бойынша күн сайын арнайы мониторинг жасалып, мәліметтер Алматы қаласының әкімдігіне жолданады.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here