28 қазанда Достық үйінде Қазақстан жазушысы Герольд Бельгердің 90 жылдығы мен Республика күніне арналған тоғызқұмалақтан жалпықалалық турнир өтті. Жарысқа Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 70-тен астам студенті қатысты.
Шараны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі, «Ынтымақ» депутаттық тобы, қалалық Тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырды.
Еркін стильдегі қазақ балуаны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Ислам Байрамуков қонақ болды.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Аяна Исахан, Нұрсұлтан Абдрахман (100 мың теңгеден), Ақерке Тұрсынәлі, Ельдар Дакен (70 мың теңгеден), Нұрай Берікбол, Зухра Сайдулла, Ердәулет Жанәбілов, Бағлан Ерболұлы (40 мың теңгеден) өзара бөлісті.
Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ