Агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды

0
1173

Өткен аптада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының Аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша «Агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, НҚА  мәселелері және жақсарту жөніндегі ұсыныстар» тақырыбында онлайн/офлайн режимінде дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Аветик Амирханян, Аманғали Бердалин, Бауыржан Сартбаев, «Парламентаризм институты» директорының орынбасары Эльмира Қалиева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеухан Нұрқиянов, ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директоры Сәуле Молдабаева,   «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ғылым жөнінен басқарушы директоры Саяхат Нөкешев, «Қазақстанның фермерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігінің Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Әбуов, «Қазақстанның Сүт одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Владимир Кожевников, Қазақтын ақбас тұқымының Республикалық палатасының атқарушы директоры Дәурен Матақбаев, «Qazaq Balyk» Республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Әмірбек Рысбаев, «МЁД KZ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің  басшысы Олег Крупский және ҒЗИ мен өндіріс өкілдері, университет ғалымдары, ұстаздар және агробизнес өкілдері қатысты.

Басқосуда агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдірудің өзекті мәселелері және нормативтік құқықтық актіні жетілдіру бойынша белгілі мамандардың ұсыныстары қаралды.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ауыл шаруашылығы бүкіл әлемде дотациялық сала болып табылады. Осыған байланысты көптеген дамыған елдер субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттер бөледі, салық салу жүйесін қысқартуды көздейді, сондай-ақ сақтандыру тетіктерін ауыл кәсіпкерлерінің пайдасына қарай шешеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын АӨК-ні субсидиялау қағидаларын қайта қарайды, түзетулер мен өзгерістер енгізеді. Бүгінгі таңда бұл мәселе өте өзекті болып отыр. Министрлік наурыз айының соңына дейін ҚР Президенті Әкімшілігіне субсидиялаудың жаңа бірыңғай жүйесін бекіту үшін енгізуі тиіс. Бұл арада көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімді болуы ескеріліп, АӨК салаларындағы барлық макрокөрсеткіштер бойынша іс жүзіндегі өсуімен тиянақталып отырғаны дұрыс.

Бүгінде субсидиялаудың жаңа ережелері жұртшылықпен, қауымдастықтармен, одақтармен және агробизнеспен, ғылыммен, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кеңінен талқылануда.

Қызу пікірталас аясында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдірудің өзекті мәселелері – нормативтік құқықтық актіні жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстар кеңінен талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша сындарлы әңгіме болды. Барлық айтылған ұсыныстар нормативтік-құқық актілерін және агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру үшін ел Үкіметінің қарауына жіберілетін болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here