Жастар – Қазақстанның жарқын болашағы

0
1160

Бүгін, 13 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған семинар-конференциясы өтті. Шараға 150 студент қатысып, ел Президентінің бастамалары мен «Әділетті мемлекетті» қалай көретіні туралы өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

Жолдау бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдайға сәйкес келетіні атап өтілді.

Іс-шара барысында спикер Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты мәселелері департаментінің директоры Дидарбек Ділдәбек Жолдаудың бағыттарына тоқталып, жастарымыздың қоғамдық өмірге белсене араласуы маңызды екеніне тоқталды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, департамент директоры қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, біздің бүгінгі студенттеріміз – Қазақстанның жарқын болашағы екенін атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here